Енесі мен күйеуі ұрған 23 жастағы келіншек қайтыс болған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2562

Өзбекстанның Аққорған ауданында күйеуі мен енесі ұрып-соққан 23 жастағы жас әйел көз жұмған, деп хабарлады madeniportal.kz.

Жәбірленуші ауыр соққыдан кейін комаға түскен. Кейіннен оның күйеуі процессуалдық тәртіпте қамауға алынған. Бұл туралы Azattyq Ryhy сайты жазған.

Ташкент облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, әйел ауруханада медициналық көмекке қарамастан көз жұмды.

«Жәбірленушінің күйеуіне қатысты қозғалған қылмыстық іс Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 126-бабы 1-бөлігі 8-тармағының «г» пункті бойынша қайта сараланды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Бұл оқиға Өзбекстан қоғамында үлкен резонанс туғызды. Құқық қорғау органдарының тергеу нәтижелері алдағы уақытта жарияланады.

СПОРТ

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов үлкен спорттағы мансабын жалғастырып, 2028 жылы Лос-Андже...

PESTEL

Непалда алапат су тасқынынан кейін жоғалып кеткен әйел 10 күннен соң үйінді астынан тірі құтқарылды,...