Талапбек Тынысбекұлының «Жезбұйдалы жылдар» атты шығармашылық кеші өтеді

Фотосурет ақынның жеке мұрағатынан

ӘДЕБИЕТ
134

Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында, ақын, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Талапбек Тынысбекұлының «Жезбұйдалы жылдар» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтеді.

Шығармашылық кеште көрнекті қаламгерлердің қатысыуымен, автордың «Бұланай», «Кербұлан» атты кітаптарының тұсауы кесіліп, танымал театр артистері ақын өлеңдерін оқиды.

Сондай-ақ, Еркін Шүкіман, Гүлмира Сарин, Ерлан Ырысқали, Ғаини Жұмашева, Қажымұрат Шешенқұлұлы, Ахметжан Рабжанұлы, Өзгеріс Шерікбайұлы, Асқар Мұқятұлы, Қайнар Қатбай, Еңлік Байзақ қатарлы елімізге белгілі өнерпаздар, автордың сөзіне жазылған әндерін орындайды.

Құрметті өнер сүйер ағайын, жалынды жыр, асқақ әннен қуат алып, рухани нәр алып қайтыңыздар!

Кеш Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында, 2026 жылдың 18 сәуірінде, сағат 18:00 де басталады.

Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1.

Билеттер үшін байланыс нөмері: 8700 366 77 97

Талапбек Тынысбекұлы, ақын, 1982 жылы 17 қазанда Алтай аймағы Қаба ауданында дүнтеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филологя факультетінің түлегі.

Алматы қаласы Оқушылар сарайында үйірме жетекшісі, бөлім меңгерушісі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет-және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері, Жас ғалымдар кеңесінің төрғасы, «Қаражорға өнер ұжымының» құрушысы әрі жетекшісі, «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы Жастар орталығының жетекшісі, «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның мененжері қызыметін атқарған.

Талапбек Тынысбекұлының шығармалары «Жас толқын», «Алатау жырлайды», «Қазақ поэзясының антологясы» қатарлы ұжымдық жинақтарға енгізілген. «Арғы жағы Ертістің бергі жағы» жыр жинағының, «Ақтулы Қожаберген батыр» мақалалар жинағының авторы.

Ақынның «Бұланай», «Керқұлан» жыр жинақтары, «Жезбұйдалы жылдар» атты мақалалар мен эсселер жинағы жақында оқырманға жол алады.

Талапбек Тынысбекұлы «Zerdeli baspa» орталығының жеткшісі. «Bek.kz» баспа-полиграфялық кешенінің директоры.

Ақынның https://talapbek.com авторлық сайыты жұмыс жасайды.

Ақынның "Ат жалындағы жырлар" топтамасын мына жерден оқисыз.

author

Талапбек Тынысбекұлы

АҚЫН

Шоу-бизнес

Желіде Баян Алагөзованың экс-күйеуі Бақытбек Есентаевтың қалыңдығы делінген келіншек Ақтоты Оспанова...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде 16 жастағы қыз баланы пышақтап кетті. Осыған байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп...