Қазақстанда екінші атом электр станциясы қайда салынады?

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1038

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында екінші атом электр станциясының құрылыс ауданын талқылауға арналған жария тыңдау өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

5 желтоқсанда өткен жиында жергілікті тұрғындарға жүргізілген зерттеулер, атом электр станцияларының пайдасы туралы айтылды. Нәтижесінде адамдар құрылыс жобасын қолдады.

Демек Қазақстандағы екінші атом электр станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданында бой көтереді.

«Бұл біздің тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ашады, жұмыс орындары беріледі және энергиямен жабдықтау мәселелерін шешуге көмектеседі. Жоба инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді және болашақ ұрпақ үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бағдат Әлиев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...