Қараңғыда көруге арналған линзалар жасап шығарылды

Фото: freepik.com

Медицина
408

Қытайлық ғалымдар адам мен тышқанға инфрақызыл сәулені көруге мүмкіндік беретін контакт линзаларын әзірледі. Линзалар инфрақызыл диапазонды көзге көрінетін түстерге айналдырады және жұмыс істеу үшін оларға ешқандай қосымша қуат көзі қажет емес. Арнайы технологияның арқасында бір уақытта бірнеше түрлі инфрақызыл толқындарды көруге болады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ el.kz-ке сілтеме жасам. 

«Суперкөру» линзалары

Зерттеушілер контактілі линзалар жасау үшін нанобөлшектерді стандартты жұмсақ линзаларда қолданылатын иілгіш әрі улы емес полимерлермен біріктірген. Нанобөлшектер 800-1600 нанометр аралығындағы инфрақызыл сәулені жұтып, оны адам көзі қабылдайтын 400-700 нанометр диапазонында жарыққа айналдырады. Бұл технология болашақта қараңғыда көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай линзалар түстерді ажыра алмайтын адамдарға (дальтонизм) түстерді ажыратуға көмектесуі мүмкін деген болжам бар.

Сынақ нәтижелері

Линзалардың зияны жоқ екендігі дәлелденген соң, ғалымдар оларды кеміргіштерге ғана емес, адамдарға да сынап көрді. Экспериментке қатысушылар жыпылықтайтын инфрақызыл сигналдарды Морзе әліпбиіндегідей анық танып, сәуле көзін тапқан.

Контактілі линзасыз адамдар ештеңе көрмейді, ал линзаны таққанда, инфрақызыл жарықтың жыпылықтағанын айқын көреді, – дейді ғалымдар.

Сонымен қатар зерттеушілер линзаларды жетілдіріп, әртүрлі инфрақызыл толқындарды әртүрлі түстерге айналдыруды жүзеге асырды. Мысалы, 980 нм толқын – көк түске, 808 нм – жасыл түске, ал 1532 нм – қызыл түске айналады.

Келесі қадамдар

Қазіргі таңда линзалар тек жарықдиодты сәуле көзі шығаратын инфрақызыл сәулені анықтай алады. Алайда ғалымдар нанобөлшектердің сезімталдығын арттыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл әлдеқайда әлсіз инфрақызыл толқындарды да көруге жол ашады.

Алдағы уақытта материалтанушылар мен оптика саласындағы мамандармен бірлесіп, кеңістікті дәлірек бейнелейтін әрі сезімталдығы жоғары контактілі линзалар жасағымыз келеді, – делінген зерттеуде.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл жаңалықтың қазірдің өзінде көптеген әлеуетті қолдану саласы бар. Мысалы, инфрақызыл жыпылықтаған жарықты қауіпсіздік жүйелерінде, адамдарды құтқаруда, ақпаратты шифрлауда немесе контрафактіге қарсы күресте пайдалануға болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...