Әуелі жоққа шығарған: ҚазҰУ студент қыздың ауруханаға түскенін растады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
13

ҚазҰУ әкімшілігі полицияның мәлімдемесінен кейін студент қыздың ауруханаға түскенін растады. Бұған дейін университет бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған деп атаған еді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz  ztb-ға сілтеме жасап.   

19 қарашада ZTB редакциясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне студент қыздың өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме алу үшін хабарласқан. Сол кезде оқу орны мұндай мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. 

Алайда кейін Алматы қалалық полиция департаменті студент қыздың жарақат алып, ауруханаға түскенін растады. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Полиция мәлімдемесінен шамамен жарты тәулік өткен соң университет әкімшілігі оқиғаға қатысты жаңа түсініктеме берді. Оқу орны студенттің ауруханаға түскенін растады. Университеттің мәліметінше, қыз медициналық көмекке өзі жүгінген. 

«Студент жедел жәрдемді өзі шақырған. Медициналық құпияны сақтау және заң талаптарына байланысты аурухана бізге науқастың жағдайы туралы толық ақпарат бермеді», - деп хабарлады ҚазҰУ әкімшілігі.

Медицина

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі «Хабар» телеарнасынан жүргізушіл...