Учаскелік дәрігерлердің жалақысы еңбек өтіліміне сай өседі

Фото: ЖИ

Медицина
91

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне еңбек өтіліне қарай қосымша ақы төлеу ұсынылып отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Үздіксіз еңбек өтілі екі жылдан асқан мамандарға қызмет жалақысының 20-дан 50 пайызына дейін үстемеақы берілуі мүмкін. Ал халыққа тікелей қызмет көрсететін психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге де қосымша төлем қарастырылған.

Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасында айтылған. 

Қандай мамандарға және қанша үстемеақы беріледі?

Құжат жобасына сәйкес, алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) ұйымдарында, яғни емханаларда үздіксіз еңбек өтіліне қарай медицина қызметкерлеріне мынадай қосымша ақы төлеу көзделген:

  • екі жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға – лауазымдық жалақысының 20 пайызы;
  • үш жылдан астам еңбек өтілі барларға – 30 пайызы;
  • бес жылдан астам еңбек өтілі барларға – 50 пайызы.

Бұл үстемеақы учаскелік терапевтерге, учаскелік педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне, сондай-ақ учаскелік және жалпы практика мейіргерлеріне, фельдшерлерге, акушерлерге, патронаждық және мектеп мейіргерлеріне берілуі мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚазҰУ әкімшілігі полицияның мәлімдемесінен кейін студент қыздың ауруханаға түскенін растады. Бұған д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі «Хабар» телеарнасынан жүргізушіл...