1 қыркүйектен бастап стипендия қанша пайыз өсетіні белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Ғ...
Жеткізу қызметімен айналысатындарға тұмауға қарсы вакцина тегін салынуы мүмкін
Фото: gov.kz
Қазақстанда курьерлік жеткізу қызметімен айналысатындарға тегін вакцина салынуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Ақмарал Әлназарова Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.
Вакцина алатындарды негізі екіге бөлуге болады: өз бетінше вакцина алатындар, яғни ақылы салдыратындар мен тегін салынатын топтар. Жылда Үкімет есебінен халықтың 11%-ы 2 млн-нан астам вакцинамен қамтылады. Тұмауға қарсы екпені курьерлерге дейін тегін салу тәжірибесін қарастырып жатырмыз. Біз қазір келесі жылы осы мәселені тағы көтереміз, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Айтуынша, бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқандардың басым көпшілігі – екпе алмағандар.
Жалпы вакцина туралы айтсақ, міндетті вакцинациялауға жататын контингент өкінішке қарай, екпе алудан бас тартатын жайттар көбейіп кетті. Мысалы, екі-үш күн бұрын жұқпалы аурулар ауруханасында болдым. 1 жас 1 айға толған сәбиімен анасы жатыр. Баласы туғалы бері бірде-бір екпе алмаған. Анасы баласына қауіп төндіріп отыр деген сөз, - деді Ақмарал Әлназарова.
Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері вакцинаның маңыздылығын ата-аналарға түсіндіру маңызды деп атады.
Қазір бізде қызылшамен ауыратын балаларымыздың саны осыдан екі жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда күрт төмендеген. Вакцина алу мәселесі – стратегиялық жұмысымыз. Алда әлі вакцина салдырудың маңыздылығын ата-аналарға түсіндіру мәселесі тұр, - деді ведомство басшысы.