Мемлекет басшысы Шығыс өңіріндегі элиталық тұқым шаруашылығының қызметімен танысты деп хабарлайды ma...
Ақордада Президенттің төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтуде
t.me/aqorda_resmi
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz, Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – халқымыздың біртуар перзенті. Еліміз әлі күнге дейін оның ғылыми жаңалықтарының игілігін көріп отыр. Әйгілі ғалымның мерейтойын жоғары деңгейде атап өту маңызды.
Біз «ғылым» туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың есімі ойға оралады. Бұл – заңдылық. Мемлекеттік мәртебесін қайта иеленген Ұлттық ғылым академиясы еліміз ғана емес, бүкіл әлемнің ғылыми қауымдастығы мақтан тұтатын Қаныш Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бұл кездейсоқтық емес», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы.