13 ақпан - Дүниежүзілік радио күні!

Фото: qazradio.fm

Мереке
456

Бүгін, 13 ақпан - Дүниежүзілік радио күні мерекесі, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Дүниежүзілік радио күні – 2012 жылы алғаш рет атап өтілген мереке. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында 2011 жылы аталған мерекені жыл сайын 13 ақпанда тойлау бекітілген болатын. Бұл күнді белгілеудегі басты себеп – Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде орналасқан стансадан 1946 жылы 13 ақпанда «БҰҰ радиосы» эфирге жол тартты. 

ЮНЕСКО-ның мәліметіне сүйенсек, жер шарында 44 мыңнан астам радио стансасы бар екен. Радио – ХІХ ғасырдан бері кеңінен қолданылатын ақпарат құралы. Шұғыл ақпарат таратуда радионың маңызы және халықаралық радиохабар таратушылар арасындағы ықпалдастықты арттыруды көздейтін мереке әр жыл сайын өзіндік тақырыппен атап өтіледі.

Сондай-ақ, ЮНЕСКО бекіткен Дүниежүзілік радио күнінен бөлек, бұл байланыс түрін ұнатушылар сондай-ақ 18 ақпан - Дүниежүзілік радио сүюші күнін атап өтеді. 1925 жылы осы күні Парижде Халықаралық радио сүюшілер одағы құрылған.

ӘДЕБИЕТ

Өткен күндер қызық түс немесе әлдебір елес секілді, сырғыған сағым легіне ілеседі де, уақыт оқпанына...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өткен сенбіде  Қарағанды қаласындағы мұз айдынына шыққан спортшы ойын басталмас бұрын жан тапсы...