Мысырда әлем бойынша ең үлкен өркениет мұражайы ашылды

Фото: Мұражай архивінен

МҰРАЖАЙ
1051

Мысырда әлем бойынша ең үлкен өркениет мұражайы ашылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  

Каир маңындағы пирамидалар жанында орналасқан Үлкен Мысыр мұражайы ресми түрде ашылды. Бұл - бір өркениетке арналған әлемдегі ең ірі археологиялық кешен.

Мысыр премьер-министрі Мұстафа Мадбулидің айтуынша, жоба идеясы шамамен 30 жыл бұрын ұсынылып, негізгі құрылыс соңғы жеті жылда жүзеге асқан.

Мұражайда Рамсес ІІ-нің алып мүсіні және 57 мыңнан астам жәдігер қойылған. Олардың ішінде Тутанхамонға тиесілі 5 мыңнан астам артефакт алғаш рет толық жинақталып көрсетілуде. Сондай-ақ балалар мұражайы, Хуфу кемесі мен грек-рим дәуіріне жататын экспонаттар да бар.

Ғимараттың сәулеттік шешімі үш пирамиданың бағытынан түскен күн сәулесін бейнелейді. Жоғарыдан қарағанда нысан «төртінші пирамидаға» ұқсас көрініс береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семей қаласында полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол жүру бөлігінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада автобус жүргізушісі белгіленген аялдамаға тоқтамай өтіп кеткеннен кейін жолаушы мен жүргізу...