1 қыркүйекте «Святая Русь» әні қойылған: Қостанайдағы колледждегі жағдай қызу талқыланды (ВИДЕО)

видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
310

Қостанайдағы колледждердің бірінде жаңа оқу жылының басталуына арналған іс-шара кезінде «Матушка Земля, святая Русь» әні шырқалған видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметке сәйкес, видео Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде (ҚӘТК) түсірілген.

Кадрлардан оқу орны қабырғасында өткен іс-шара кезінде «Матушка Земля, святая Русь» әнінің қойылғанын байқауға болады.

Аталған видео әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Әзірге колледж әкімшілігі тарапынан жағдайға қатысты ресми түсініктеме берілгені туралы ақпарат жоқ.

«Қостанайда қандай "қасиетті Русь" болуы мүмкін? Қарасам, Қостанайда патриоттар жоқ сияқты», «Сонда не болыпты? Мүлде есінен адасқан ба? Онда Ресейдің тауарлары мен өнімдерін мүлде сатпайтын болыңдар», «Колледжде өзге мемлекеттің насихаты бар-жоғын тексеру керек»", - делінген жазбаның астындағы пікірлер бөлімінде.

 
Посмотреть в Threads

СПОРТ

“Қайрат” футбол клубы Бельгияға “Андерлехт” командасына қарсы матч өткізуге...

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Еліміздегі кейбір мектептерде оқушыларға құлақ ашық болу керек, шаш үлгісінің қатаң талапқа сай және...