Бельгиялық журналист Қайраттың ойыншыларынан “қазақша” сұхбат алды

Фото: видеодан скриншот

СПОРТ
118

“Қайрат” футбол клубы Бельгияға “Андерлехт” командасына қарсы матч өткізуге барған кезде жергілікті журналист алматылық футболшылармен қысқа сұхбат жүргізген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бельгиялық журналист Қайрат футбол клубының ойыншылары Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабулат, Әділет Садыбековтен қазақша сұхбат алған. 

Ол сөзін “Мен қазақша үйреніп жүрмін, орысша білмеймін” деп бастаған. Содан кейін Темірлан Анарбековтен “сіз өзбекше білесіз бе? Шымкенттенсіз бе? Кім Шымкенттен?” деп сұраған. 

Қазақша үйреніп жүрмін деген журналист “Кейінгі жылдары Қазақстан футболы қалай дамып келе жатыр деп ойлайсыз?” деп қақпашымызға жақсы сұрақ қойған. Сондай-ақ, Дамир Қасабулатқа “Қазір Қазақстан Еуропада ойнайды, бұл қаншалықты маңызды?” деген сауал жолдап көрген. Одан бөлек ойыншыларға бірнеге сұрақтар қойып, сөз соңында рақметін айтқан.

 

 
Посмотреть в Threads

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы сабақ пен каникул мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Журналист Руслан Өтепбай Төтенше жағдайлар министрлігінде құтқарушы болып қызмет еткен Әбілқайыр есі...