АҚШ-та Денвер халықаралық әуежайында Майамиға ұшуға дайындалып жатқан American Express компаниясының...
Қостанайда пәтерде жөндеу жұмыстары кезінде оқ атылған
ашық дереккөз
Қостанайда алдын ала мәлімет бойынша, пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстары кезінде тегіс ұңғылы қарудан абайсызда оқ атылған, деп хабарлады MadeniPortal.kz «Алау» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан оқ ізі анықталып, көрші пәтердің кіреберіс есігі зақымданған. Алайда оқиға орны қаралған кезде пәтерден қару табылған жоқ.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет мамандары келді. Олар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, пәтердің есігін ашып, оқиға болған жерге тексеру жүргізді.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын, қару иесінің қайда екенін, сондай-ақ қарудың шығу тегі мен оның заңды түрде сақталған-сақталмағанын анықтап жатыр.
Тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.