Ақмола облысында 16 бас жылқы ұрлығын ұйымдастырды деген күдікпен шаруашылық басшысы ұсталды, деп ха...
Оңтүстік Кореяда 21 жастағы қазақстандық қамауға алынды
Фото: MadeniPortal.kz
224
Оқиға 29 шілдеде Ичхон қаласында болған. Кореялық БАҚ мәліметінше, екі жас жігіт ішінде жүргізуші мен жолаушысы бар автокөлікті қуған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Олар көліктің жолын бөгеп, ішіндегі адамдарға қоқан-лоқы көрсеткен. Ер адамдардың бірі секіріп келіп, көлікті тепкен. Оқиға бейнетіркегішке түсіп қалған.
Күдіктілерді табу оңайға соқпаған. Қараңғыда олардың көлігінің мемлекеттік нөмірі анық көрінбеген. Кейін мамандар нөмірдің бір бөлігін қалпына келтіріп, әлеуметтік желідегі көлік сату туралы хабарландыру арқылы күдіктілердің бірін анықтаған.
Ол Кореяда қара жұмыс істеп жүрген 21 жастағы Қазақстан азаматы болып шыққан.