10 жыл бойы бала сүйе алмаған ерлі-зайыптылар бірден төртемнің ата-анасы атанды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
197

Өзбекстанның Самарқанд облысындағы перзентханалардың бірінде сирек жағдай тіркелді. 29 жастағы әйел бірден төртемді дүниеге әкелді. Сәбилердің бірі – қыз, үшеуі – ұл, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дереккөз мәліметінше, нәрестелер кесар тілігі арқылы туған. Алдымен салмағы 1,7 келі қыз бала дүниеге келсе, кейін 1,5 келі, 2,2 келі және 2,3 келі болатын үш ұл бала өмір есігін ашқан.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы қанағаттанарлық. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал ананың жалпы жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Белгілі болғандай, бұл отбасы 10 жыл бойы перзент сүйе алмай жүрген.

"Ізгі ниет пен сабыр болса, адам бәріне қол жеткізеді", – деді жаңа босанған ана.

Ал жас әке қуанышын жасыра алмады.

"Біз өте бақыттымыз. Он жыл бойы бала сүйе алмадық, енді бірден төрт баламыз бар. Бүкіл отбасымыз қуанып жатыр", – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өздерін Оқу-ағарту министрлігінің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері деп таныстырған авторлар Презид...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қызға қатысты ауыр қылмыс жасалды деген ақпарат әлеуметтік...