«Бензинге уланған»: Маңғыстауда тағы бір әскери ажал құшты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
587

Маңғыстау өңірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жанармай буынан уланып көз жұмды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Hronika.kz жазды.

Оқиға 2025 жылдың 6 қазанында "Үстірт" шекара бекетінде орын алған. Ресми деректерге сәйкес, кешкі сағат 21:10 шамасында бөлімше бастығы, капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындықты жанар-жағармай сақтайтын орынға жіберген. Ол жерден сарбаз дизель генераторының радиаторын жуу үшін бензин әкелуі тиіс болған. Алайда, бұл тапсырманы орындау барысында бензиннің буынан уланып, есінен танып қалған.

Сағат 21:20-да оны электрик-дизелист тауып алған. Капитан Асу К. алғашқы көмек көрсеткенімен, сарбаздың жағдайы тым ауыр болған. Кейінірек медициналық мамандар оның өмірін сақтап қала алмады – реанимациялық шараларға қарамастан, жауынгердің көз жұмғаны анықталды.

Аталған қайғылы жағдайға байланысты Ақтау гарнизонының әскери полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы бойынша ("Қызметтік міндеттерге салғырт қарау") қылмыстық іс қозғады.

Марқұм Еркебұлан Сағындық 2005 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2025 жылдың көктемінде әскерге шақырылған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...