101 жастағы әже ең бірінші келіп дауыс берді

ЖАҢАЛЫҚТАР
3217

Жазиралы Жаркент өңірінің тұрғыны Зейнелхан Оспанова елден ерте тұрып,  өз таңдауын жасады. Президент сайлауында да әжеміз бірінші болып дауыс берген еді.

12 құрсақ көтерген кейуана қарттығына қарамастан ел ішіндегі маңызды шаралардан қалыс қалмауға тырысады.


Мен референдумда президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергем. Бүгін міне тағы да келдім. Бұл менің парызым. Әркім осылай таңдау жасау керек. Елдің ертеңі жастар. Жасым 101-ге келді. Сондықтан жасымды берсін, - деп  батасын берді. 

Сайлау учаскесі ең бірінші болып дауыс берген әжеге құрмет көрсетіліп, сыйлық жасалды. 

Бүгінде Панфилов ауданында 78 дауыс беру учаскесі бар. Ал жалпы 84 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие.

baq.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...