Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында ер адам қаза тапты
ашық дереккөз
833
Шығыс Қазақстан облысындағы «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz
Қайғылы жағдай сенбі күні, 9 мамырда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаңдеткіш қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап, өмірге қауіпті ауыр жарақат алған.
«Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деп хабарлады KAZ Minerals компаниясы.