«Жаңа адамдар» қозғалысының өкілдері Астанадағы мүмкіндігі шектеулі жандардарға ар...
«11 адам пышақ жарақатын алған»: Дүкенге белгісіз адам шабуыл жасаған
ашық дереккөзден алынған
Мичиган штатының Траверс-Сити қаласындағы Walmart дүкенінде пышақпен жасалған шабуыл салдарынан кемінде 11 адам зардап шекті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы NBC News жазды.
Мичиган штатының полициясы X әлеуметтік желісінде күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Оқиғаға қатысты басқа мәліметтер әлі нақтыланған жоқ.
Munson медициналық орталығының өкілі Кэтрин Дьюидің айтуынша, 11 адам осы мекемеде медициналық көмек алуда. Оның айтуынша, қызметкерлер зардап шеккендердің жағдайын және алған жарақаттарының сипатын әлі де бағалап жатыр.
Штаттық полицияның хабарлауынша, оқиғаны Гранд-Траверс округінің полициясы тергеп жатыр. Қазіргі уақытта шабуылды бір ғана адам жасаған ба, әлде бірнеше адам қатысқан ба – бұл әлі белгісіз.
Walmart компаниясының өкілі компания құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істеп жатқанын және барлық сұрақтарды билікке бағыттайтынын айтты.