Тоқаев Ермек Көшербаев пен Еркін Тұқымовқа жаңа қызмет сеніп тапсырды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
382

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Президент жарлығына сәйкес, Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Сонымен қатар Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Осыған байланысты Еркін Тұқымов бұрын атқарған лауазымынан босатылды.

Аталған кадрлық шешімдер Мемлекет басшысының тиісті жарлықтарымен рәсімделді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман неліктен Салатанатқа оның мінезінің ауыр екенін ес...

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың тойда түсірілген видеосы тарады. Кадрда бір бойжеткен дастар...