Ақтауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жасар жігіттің денесі теңізден табылды

Lada.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
87

Каспий теңізі жағалауында бірнеше күнге созылған іздеу-құтқару операциясы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Туған күнінде достарымен демалуға кетіп, жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсеханов өлі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
​Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару жұмыстары Каспий теңізінің шомылуға жабдықталмаған учаскесінде жүргізілген.
Бозбаланың денесі бүгін Ақтау

қаласынан 51 шақырым жерде, жағалаудан шамамен 10 метр қашықтықта судан табылды. Құтқарушылар марқұмның денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда 18 жастағы жігіттің жоғалып кеткені хабарланған болатын.
Ол Ақтаудан 46 шақырым жердегі Каспий теңізі жағалауына достарымен бірге шомылуға барып, содан қайтып оралмаған еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Бизнес және коммуникациялар колледжінің диплом табыстау рәсімінде дипломын жыртқандай кей...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жол үстінде оқыс жағдайға тап болғанын әлеуметтік желідегі...