“Тағы да әуе апаты”: Бортта балалар бар ұшақ толықтай жанып кетті

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
4371

Бразилияда әуе апаты болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бразилиядағы Cessna aircraft бизнес-джет ұшағы әуежайдан шығып, көп ұзамай апатқа ұшыраған. Мәліметтерге сүйенсек, ұшақ Убатуба қаласында орналасқан Гастан-Мадейра әуежайындағы ұшу-қону жолағынан шығып, қалалық жағажайда апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан ұшқыш мерт болды. Ал жеті адам жарақат алды, оның ішінде жағажайда демалып жүрген адамдар да бар екені нақтыланды.

Бортта бес адам болған екен. Куәгерлер ұшақтағы жолаушыларды құтқарып үлгерді, олардың көпшілігі балалар болған.

Болжам бойынша, әуе ұшағы ауа райының қолайсыздығынан апатқа ұшыраған.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...