Димаштың Нью-Йорктегі концерті аншлагпен өтті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/thegarden

ЖАҢАЛЫҚТАР
936

Әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасы Димаш Құдайбергенді аншлагпен қарсы алды. Бұл — қазақ әртісінің аталған залда өткен алғашқы жеке концерті болды. Шоу 5 қазан күні Нью-Йоркте өтті және әншінің Stranger атты әлемдік турының ресми бастамасы саналады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

«Бұл — менің ғана емес, күллі еуразиялық мәдениет үшін маңызды сәт. Біз планетаның екінші жағында мәдени елші ретінде өнер көрсетіп тұрмыз», — деді Димаш концерт алдындағы сұхбатында.

Кеш барысында көрермендер оның ең танымал әндерін тыңдады: SOS d’un terrien en détresse, авторлық The Story of One Sky, сондай-ақ Грэмми иегері Уолтер Афанасьефф продюсерлік еткен Love’s Not Over Yetкомпозициясы орындалды. Димаш өз сөзінде тыңдарманды тек вокалмен емес, жаңа музыкалық өңдеумен де таңғалдырғысы келгенін атап өтті. Әнші Stranger композициясында қазақтың қобызын және виолончелист Хаузердің партиясын біріктірген. Madison Square Garden әлемдегі ең беделді сахналардың бірі саналады. Мұнда Майкл Джексон, Элвис Пресли, Бейонсе, Андреа Бочелли және The Beatles сияқты аңыз тұлғалар өнер көрсеткен. Димаш үшін бұл Нью-Йорктегі екінші үлкен концерт — ол алғаш рет бұл қалада 2019 жылы өткен Arnau туры кезінде ән шырқаған.

«Алты жылдан кейін мен көрерменге жаңа эмоция, жаңа музыкалық бояу сыйлағым келді. Бірақ әр орындауымда ностальгия нотасы да қатар жүреді — ол менің барлық сахнама серік», — деді әнші.

Нью-Йорктегі бұл концерт Димаштың 2022 жылы Алматыда басталған әлемдік турының жалғасы болды. Бағдарлама үнемі жаңарып отырады: оған When I’ve Got You, Smoke, Fire сияқты жаңа әндер және Сәкен Сейфуллиннің сөзіне жазылған туындылар мен халықаралық дуэттер енгізілген.

 

@ordakazakhstan_tt

Нью-Йорк Димашты зор қошеметпен және лық толы залмен қарсы алды. Ол әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт берген алғашқы қазақстандық әртіс атанды. 5 қазан күні өткен бұл концерт оның әлемдік Stranger турының бастамасы болды. Бағдарламада классикалық және жаңа шығармалар тоғысты: SOS d’un terrien en détresse, The Story of One Sky және Love’s Not Over Yet — бұл ән соңғысы «Грэмми» сыйлығының иегері Уолтер Афанасьефпен бірлесе жазылған туынды. Бұл — Димаштың Нью-Йорктегі екінші ірі концерті. Алты жыл бұрын ол осы қалада Arnau туры аясында өнер көрсеткен болатын.

♬ оригинальный звук - Orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...