15 жастағы қызын топтық зорлаудың құрбаны қылған әйелдің сұмдығы ашылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2549

Дағыстанда топтық зорлаудың құрбаны болған 15 жастағы қызды анасы шынжырмен байлап қойған, деп хабарлайды Madrniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Хасавюрт қаласында жасөспірім қызды анасы үш күн бойы пәтердегі шойын батареяға шынжырмен байлап ұстаған.

Қыз әрең дегенде аман қалды. Ол көмек сұрап жазған хатын теледидардың пультіне байлап, терезеден лақтырған. Пультті көшеден өтіп бара жатқан әйел тауып алып, полицияға хабар берген.

Полицейлер байлауда отырған қызды босатып алған. Қазіргі таңда қыз оңалту орталығында.

Анасы мен қыздың туыстары бұл әрекеттерін оны тәрбиелеу мақсатында жасағандарын түсіндірген. Олардың айтуынша, қыз үйінен қашып кеткен, сондай-ақ топтық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және сыныптастарының есірткі қолдануға үгіттегенін айтқан. Туыстары оны отбасының намысын аяққа таптады деп санайтындарын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...