Израиль мен ХАМАС босатуы тиіс тұтқын саны белгілі болды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2048

Бірінші кезеңде Израиль түрмелеріндегі 737 палестиналық бостандыққа шығады, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Олардың арасында кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жүрген ХАМАС пен өзге қарулы топтардың мүшелері бар. Сондай-ақ, 1167 бейбіт тұрғын Газаға қайтарылады. Тізім Израильдің әділет министрлігімен мақұлданды.

ХАМАС тұтқындағы 98 израиль азаматының 33-ін босатуға міндетті. Израиль азаматтары босатылған сәтте Қызыл Крест ұйымы мен Мысыр және Қатардың құтқару қызметтеріне тапсырылады. Кейін олар әуелі Мысырға жеткізіліп, Израильге тапсырылады. Онда олар толық медициналық тексерістен өтеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының жиені Айман Байсалова 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлады...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда интернет-платформалар арқылы дәрі-дәрмек сатуға қатаң шектеу енгізу жоспарлануда. Денсау...