Жантүршігерлік апат: 188 адам бір сәтте тіл тартпай кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
780

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 188-ге жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артып келеді. Соңғы мәлімет бойынша, апат салдарынан 188 адам көз жұмған.

Жергілікті La Patilla басылымының хабарлауынша, мыңдаған адам әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Елдің Ұлттық ассамблерасының төрағасы мәлім еткендей, табиғи апаттан 1520 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Сонымен қатар, шамамен 200 адамның әлі де үйінді астында қалғаны хабарланды.

Қазіргі таңда Венесуэлада төтенше жағдай режимі жарияланған. Құтқару және гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарына АҚШ, Мексика, Испания, Катар мемлекеттері, сондай-ақ БҰҰ ұйымдастырған халықаралық іздестіру-құтқару топтары қолдау көрсетіп жатыр. Құтқарушылар үйінділерді аршып, аман қалғандарды іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ата-ананың өтінішінен кейін жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша Қостанай облысы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жеке үйдің аумағындағы септикке құлаған сегіз жасар қыз ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиғаны...