16 жастағы Дастан Сәтпаев мансабын “Челсиде” жалғастырады

Фото: instagram/f.c.kairat

ЖАҢАЛЫҚТАР
1708

Дастан Сәтпаев мансабын “Челсиде” жалғастыратыны мәлім болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Алматылық “Қайрат” пен лондондық “Челси” 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді. Ол 2026 жылы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін Сәтпаев “Қайрат” сапында өнер көрсетеді.

Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында “Қайрат” Академиясына түскен.

Ол QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас берген. QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы атанған. Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан

2024 жылы мамырда 15 жасында Сатпаев негізгі командада дебют жасап, “Қайрат” тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...