Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Балас...
Астанада косметикалық операциядан кейін бойжеткен алты айдан бері комада жатыр
Сурет ашық дереккөзден алынды
Астана қаласындағы жекеменшік емханалардың бірінде жас әйел косметикалық процедурадан кейін ауыр халге түсіп, алты айдан бері есін жимай жатыр, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Денсаулық сақтау саласындағы бақылаушы органның мәліметінше, оның өміріне немесе денсаулығына келген зиянды анықтау үшін тәуелсіз мамандардан құралған комиссия құрылған.
«2025 жылдың маусым айында “AESTHETIC LIFE” ЖШС мекемесіне сараптама жүргізуге қатысты ресми сұраныс жолданды. Бұл тексерістің нәтижелері өтініш иесіне және жергілікті департаментке ресми түрде ұсынылады», – делінген құзырлы мекеме хабарламасында.
Комитет өкілдері, егер зардап шеккен адамның жақындары комиссияның шешімімен келіспесе, олар Астана қалалық бөлімшесіне шағымдана алатынын және сол арқылы клиникаға қосымша, жоспардан тыс тексеріс жүргізілуі мүмкін екенін айтты.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы өте ауыр күйінде қалып отыр.