«Үйге қайтқым келеді»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы Дубайдан мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
329

Танымал шоумен, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайда отырып жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қазіргі таңда Дубайда білім алып жатқан әзілкештің қызы ол жақтағы оқу онлайн форматқа ауыстырылғанын айтты.

"Дубайдағы соңғы жаңалықтарды естіген шығарсыздар. Бірақ мен бұл туралы фото, не видео салғым келмейді. Бұл елде 5 жыл тұрып, қаншалықты қауіпсіз екенін жүрегім сезеді. Сабақ 8 наурызға дейін онлайн. Өзімді карантиндегідей сезініп жүрмін. Күнде жоспар қойып, үнемі қозғалыста жүретін мен үшін тоқтап қалу қиын екен. Істейтін нақты нәрсе болмаған кезде өзімді біртүрлі сезінемін. Ал “елге неге қайтпайсың?” дегендерге -
Мен қайтқым келмейді дейсіздер ме? Ата-анам әр 5 минут сайын хабарласып, уайымдайды. Сонда да үйге қатты қайтқым келеді, отбасыма. Егер отбасым жанымда болса, өзімді әлдеқайда қауіпсіз сезінер едім. Ал, менің қалымды сұрап ,жазып уайымдағандарыңызға рахмет.  Менде барлығы жақсы", - Әдемі Тұрсынбекқызы.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жұбайымен түскен суретін жариялаған еді.

ТЕАТР

Қазіргі театр өнерінің даму үдерісінде мюзикл жанры ерекше орын алады. Ол синтетикалық өнер түрі рет...

ЖАҢАЛЫҚТАР

РМК “Қазгидромет” синоптиктері 4 наурызда бірқатар өңірлерде тұман, жаңбыр, қар, көктайғ...