"16 жерінен пышақтаған": Шымкентте жұмысқа кеткен бойжеткеннің сұмдық өлімі әшкереленді

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1220

Шымкентте жоғалып кеткен 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның өлі табылғаны туралы ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды. 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған әйелдің денесі бірнеше күннен кейін табылған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеп.

Lider.kz волонтерлары бұл жайында әлеуметтік желілерде хабарлады. Диананың жақындары адвокат Ләззат Рақышеваға қайғылы жайтты баяндап, ол алған мәліметтерін жұртшылықпен бөлісті. Қайғылы оқиғаға себеп болған жайт — марқұмның «үй жинаушы керек» деген хабарландыруға жауап беруі. Сол хабарлама арқылы ол белгісіз мекенжайға барған.

Алайда сол жерде 17 жастағы жасөспірім оның өмірін қиған. Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті оны 16 жерінен пышақтап, мәйітін қоқысқа тастап кеткен. Бұл қайғылы оқиға жұрттың жағасын ұстатып, қоғамда онлайн жұмыс хабарландыруларына деген сенімділік пен қауіпсіздік мәселесін қайта көтеріп отыр. Диананың артында екі кішкентай қызы мен жары қалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...