2018 жылдың 31 қазаны күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –...
ҚР Ұлттық архиві Астаналық мектепке құнды кітаптар тарту етті
Фото Ұлттық архив
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві директорының орынбасары Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы, Жеке тек құжаттар бөлімінің басшысы Жолдасова Ләззат Хибадуллақызы және Жариялау-баспа бөлімінің қызметкерлері Абу-Асқар Мекеш, Балнұр Кемелбаева Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейіне барып, оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында, «АРХИВ – 2025» кешенді бағдарламасы аясында алыс және жақын шетелдердің архивтерінен, ғылыми мекемелері мен кітапханаларынан әкелінген Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттардың басын қосып, бір жерге жинақтайтын «Отанына оралған құжаттық қазына» төрттомдығы, көне суреттер мен карталардан құрастырылған "Архивтегі аманат" фотоальбомы, Ақселеу Сейдімбектің жеке қорында сақталған қолжазбаларынан құрастырылған «Ақселеудің асыл мұрасы» және басқа да құнды жинақтар мектеп-лицейдің кітапханасына табыс етілді.
Сонымен қатар, Ұлттық архив ұжымы оқушыларға архивтің жұмысы туралы егжей-тегжейлі баяндап, олардың сұрақтарына жауап берді.
«Бүгін мектебіміздің оқушылары үшін өте керемет іс-шара және тың тақырып болды. Себебі оқушылар архив және ол қандай қызмет атқаратыны туралы ақпарат алды. Өзіме де қызықты болды. Сіздерге көп-көп рахмет. Жұмыстарыңыз алға баса берсін, істеген істеріңіздің берекесін берсін», - деді кітапхана меңгерушісі Құлмағамбетова Динара Асқарқызы.
Іс-шарада мектеп оқушылары Ұлттық архив шығарған кітаптар туралы сұрап, жан-жақты қызығушылықтарын танытып, белсенді қатысты. Қазіргі жастардың төл тарихына деген қызығушылығы, архив қызметіне немқұрайлы қарамай, керісінше жаңа дерек білгісі келіп ұмтылған білімге құштарлықтары тәнті етті.