17 жыл құлдықта болған апа-сіңілі Құндыз бен Назгүл базар аралап жүр (ВИДЕО)

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2795

Желіде Түркістан облысында 17 жыл бойы еңбек құлдығында болған апалы-сіңілі Назгүл бен Құндыз базар аралап жүрген видеосы тарады, деп хабарлады Маdeniportal.kz.

Сауда орталықтарының бірінде апалы-сіңілі мен асыраушысы Зульфия ханымды кездестуріп қалған оқырман оларды кездестіргеніне таңданысын жасыра алмаған. Оның сөзінше, қыздардың өңі кіріп, әдемі өзгерістер байқалады.

Ал желі қолданушылары болса бұл кездейсоқтық емес, көрініс ретінде жасалған бейне деп жарыса жазуда.

«Бәрі жасанды екені көрініп тұр маған неге екенін», «Шаштарын өзгерту керек екен. Ұл балалардың шашы сияқты», «Өздерінің таныстары ғой, халыққа көрсету үшін», «Ойластырған көрініс», «Қыздардың түрі өзгеріп кетті ғой», - деп пікір қалдырды әлеуметтік желі қолданушылары.

 

СПОРТ

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Қазақстанның туы мен елтаңбасын өртеп, бүлдіріп жатқан қазақстандықтар тобы түсірі...