“Баланы кіреберіске тастап кеткен”: 15 жастағы қыз пәтер жалдап, сол жерде жалғыз өзі босанды

Фото: Envato

ЖАҢАЛЫҚТАР
1811

Қырғызстанның Манас қаласындағы бір үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылды. Полиция нәрестенің анасы 15 жастағы қыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жалал-Абад облысының ішкі істер бөліміне нәрестенің табылғаны туралы 8 қазан күні хабар келіп түскен. 15 жастағы қыз уақытша пәтер жалдап, сол үйде босанған. Кейін нәрестені сол үйдің кіреберісінде қалдырып кеткен. Тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.

Денсаулық сақтау министрлігі баланың уақытына жетіп туылғанын хабарлады. Қазір ана мен нәресте перзентханаға орналастырылды. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсы екенін айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...