«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Мәдениет порталы»...
«Кешірім сұраймын»: Қорғаныс министрі қара жамылған отбасымен кездесті
Фото: Қорғаныс министрлігі
Каспийдегі оқиғадан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесіп, қайғыға ортақ екенін жеткізді.
«Кешірім сұраймын. Бүкіл Қарулы күштердің атынан кешірім сұраймын. Олардың қазасы – барша елдің қайғысы», – деді министр.
Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың жақындарын қиын сәтте жалғыз қалдырмайтынын мәлімдеді. Отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіліп, қажетті қолдау берілетіні айтылды.
Еске салайық, Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, 17 әскери қызметші теңізге кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Күдікке ілінген 5 адам ұсталды.