2 млн теңге пара алған 

ЖАҢАЛЫҚТАР
2904

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы пара алу бойынша күдікті болып отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасының үйлестіруімен «АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол тауарларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының шектескен учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде олардың заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге сомасында пара алды деп күдіктенеді, - делінген хабарламада.

ТАРИХ

Әр адамның өмірбаяны болатын секілді, әрбір елдің де өз ғұмырбаяны бар. Әл-Фараби айтқандай, &laqu...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы жолаушылар паромының қатынасын қайта іске қосуды жоспа...