Алматы тауларында 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматы іздестіріліп жатыр

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
410

Алматы маңындағы таулы аймақта жоғалып кеткен 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады MadeniPortal.kz. 

Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары күрделі таулы бедерге, аумақтың кеңдігіне және биіктік айырмашылығының үлкен болуына байланысты қиындаған.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары таулы жер бедерінің күрделілігіне, зерттелетін аумақтың ауқымдылығына және биіктік айырмашылығының едәуір болуына байланысты қиындап отыр. Құтқарушылар қол жетуі қиын учаскелерде, соның ішінде шатқалдар мен тау беткейлерінде жұмыс жүргізуде", - делінген хабарламада.

Іздестіруге ТЖМ мен полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер тартылған. Жалпы 102 адам, 11 техника, төрт кинологиялық есеп, алты дрон және ТЖМ авиациясы жұмылдырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ысталған балық өнімін тұтынғаннан кейін ботулизм белгілерімен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды деген күдікпен облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігер...