«20 градусқа дейін аяз»: Алдағы күндерге арналған ауа райы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1045

Қазақстанның басым бөлігінде тұман мен боран күтіледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдағы күндері Қазақстанның басым аумағы Атлантикалық циклонның ойысы мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал 13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

"Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, шығыста, солтүстікте және орталықта — жаяу бұрқасын күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады", – делінген хабарламада.

Температура қандай болады

Ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейді деп күтілуде:

* Қазақстанның солтүстігінде түнде -5...-12°С, күндіз -0...-6°С;
* Солтүстік-батыста түнде -2...-10°С, күндіз -0...-5°С;
* Орталықта түнде -3...-13°С, күндіз -6°С-тан +3°С-қа дейін;
* Шығыста түнде -8...-20°С, күндіз -0...-10°С.

Синоптиктердің айтуынша, қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...