Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты делегациясының мүшелері Ресей Федерациясы Федералд...
Мүлде басқа Димаш: Әнші тосын образын көрсетті (ФОТО)
Liter.kz
Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа фотосын жариялады. Кадрда әнші ақ шашпен, минималистік ғарыш стиліндегі ерекше образда бейнеленген, деп хабарлады MadeniPortal.kz Liter.kz-ге сілтеме жасап.
Жарияланым DIMENSIONS жобасының бір бөлігі ретінде ұсынылған. Фотода Димаш қараңғы ғарыш кеңістігінде, жұлдыз тозаңының ортасында тұр.
Жоба авторларының түсіндіруінше, образдағы өзгеріс қалыптасқан стереотиптер мен сырттан таңылған бейнелерден арылуды білдіреді. Ал ақ шаш адамның сахналық образ бен өзгенің күткенінен тыс, өз болмысына қайта оралу идеясын жеткізеді.
«Қабат-қабат болып алынған дүниелер жоғалып кеткен жоқ. Олар жұлдыз тозаңына – жүріп өткен жолдарға, шырқалған әндерге және ол жеткен алыс мекендерге айналды», – делінген жоба сипаттамасында.
Димаштың тосын образы оның көпшілік үйренген стилінен айтарлықтай ерекшеленеді. Әсіресе әншінің шаш түсін түбегейлі өзгертуі желі қолданушыларының назарын аударды.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының алғашқы тарауының концепциясын таныстырған болатын.