Назым Қызайбай отбасындағы ерекше сәттерді көрсетті

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
875

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде отбасылық басқосудан түсірілген видеомен бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жазбасында спортшы демалыс күнін жақындарымен қалай өткізгенін айтты.

«Демалыс күні. Мен үйге барып, жақындарыммен уақыт өткіздім. Бүкіл отбасымыз түгел жиналдық. Біз бас қосқан кезде міндетті түрде дәмді тамақ ішеміз, билейміз, күлеміз және өте жақсы уақыт өткіземіз. Мен билеп жатқанымда әкем келіп, бәрімізді күлдірді. Күн өте көңілді өтті. Осындай сәттер жанға жылу сыйлайды», – деп жазды Назым.

Боксшы сондай-ақ сырт келбетіне қатысты әзілдеді:

«Шашыма мән бермеңіздер, әрең үлгеріп жүрмін, оны қидырғым келеді».

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...