12 жастағы оқушы сыныптасын қылқындырып өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
877

Ресейдің Приморье өлкесінде 12 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша оның сыныптасы күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Тергеу мәліметінше, күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Қазір оны сот-психологиялық және психиатриялық сараптамадан өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Сараптама барысында оның психикалық жағдайы мен өз әрекетінің мәнін қаншалықты түсінгені анықталады.

Ресей Тергеу комитеті бұл факті бойынша «Адам өлтіру» және «Салғырттық» баптарымен екі қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ құқық қорғау органдары профилактика жүйесі қызметкерлерінің әрекеті мен әрекетсіздігіне де құқықтық баға беретінін мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, ұсталған жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде тұрмаған және қарапайым отбасында тәрбиеленген.

Еске салайық, 12 жастағы қыздың мәйіті Приморье өлкесіндегі үйлердің бірінің шатырынан табылған болатын. Тергеу жалғасып жатыр.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...