Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2135

Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, оның екеуі - бала. Тағы бір жолаушы ауруханада жан тапсырды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Жол апаты Торғай-Арқалық тас жолында болған. Жеңіл көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, «ГАЗель» көлігіне соғылған. 

«16 қыркүйек күні кешке Жангелді ауданы «Торғай-Арқалық» тас жолының 17-ші шақырымында «Лексус» көлігі мен «ГАЗель» көлігі жол апатына ұшырады. Екі көлік те бір бағытта, дәлірек айтқанда Арқалық қаласына қарай бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде рульге ие бола алмай, екінші көлікке соғылған», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

 

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл о...