“Жамбыл облысында 14 жастағы қыз қатарласынан жүкті болып қалған”: Сұмдық деректер пайда болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1431

Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы құрдасынан жүкті болып қалған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Байзақ ауданының Бурыл ауылында 14 жастағы оқушы қыздың жүктілігін алғаш анасы байқайды. Ол дереу қызын УДЗ-ге апарады. Сол жерде жүктілік расталған. Ал құрсақтағы сәбидің әкесі 14 жастағы жасөспірім болып шықты.

Мектепте жасөспірімдердің ата-аналары шақырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір қызбен және оның сүйіктісімен мектеп психологтары жұмыс жасауда.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша ҚР ҚК 122 — бабының 1-бөлігі («он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...