Астанада 6 шетелдік адам ұрлап, ақша бопсалаған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
891

Астанада адам ұрлаған алты шетелдік 8 жылға дейін сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

2024 жылғы 9 желтоқсанда қылмыстық топ мүшелерінің бірі жәбірленушіден «көрсетілген қызметі» үшін ақша талап еткен. Ол ер адамға күш көрсетіп, қорқыту арқылы 80 мың теңге аудартқан.

Кейін күдіктілер жәбірленушіні Астана аумағынан күштеп алып кеткен. Тергеу барысында олардың алдын ала сөз байласып, пайдакүнемдік мақсатта әрекет еткені және күш қолданғаны анықталды.

Сот шешімімен алты шетелдік те кінәлі деп танылды. Олардың бесеуі 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал алтыншы айыпталушы адам ұрлауға көмектескені үшін 7 жыл 6 айға сотталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...