2026 жылы Қазақстанда қандай жаңа әуежайлар пайда болады?

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
364
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2026 жылы Қазақстанда азаматтық авиация саласында авиациялық хабтарды дамыту және елдің транзиттік әлеуетін нығайту жұмыстары Көлік министрлігі атынан Үкімет тарапынан жалғастырылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева баяндады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Елдің ірі авиациялық тораптарында инфрақұрылымдық жобалар кешенін іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталады, Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы қайта жаңғыртылады, сондай-ақ Ақтау әуежайының перронына күрделі жөндеу жүргізіледі», – деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар өңірлік жобалар да жүзеге асырылуда, олардың қатарында:
• Атырау әуежайында жаңа терминал салу;
• Павлодар әуежайының аэродромын қайта жаңғырту;
• Катон-Қарағай, Зайсан және Кендерлі курорттық аймақтарындағы әуежайлар құрылыстарын аяқтау;
• Арқалық әуежайын қалпына келтіру бар.
 

Инфрақұрылымды жаңғырту аясында әуежайларда Jet A-1 авиациялық отынын сақтау және жанармай құю жүйелері жаңартылады. Бұл әуе тасымалдаушыларын отынмен қамтамасыз ету мен қызмет көрсету сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
«Сонымен қатар, 2026 жылдың соңына дейін әуе компаниялары 9 жаңа ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл әуе кемелерінің жалпы паркін шамамен 118 бірлікке дейін ұлғайтуға және әуе тасымалдарының өткізу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді. Өңірлердің көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету және туризмді дамыту мақсатында әлеуметтік маңызы бар 23 әуе бағыты бойынша субсидиялау бағдарламасы жалғастырылады», – деп түсіндірді Салтанат Томпиева. 

Сонымен бірге, 2026 жылы халықаралық әуе қатынасын дамыту жұмыстары да жалғасын табады. Халықаралық жаңа әуе бағыттарын ашу және бұрынғы бағыттарды қайта жандандыру, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру жоспарланып отыр.
 
Орталық Азия мен ТМД елдеріне, сондай-ақ Таяу Шығыс, Еуропа және Азия мемлекеттеріне бағытталған маршруттық желіні кеңейту көзделген. Атап айтқанда, Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава және басқа да бағыттар бойынша рейстер ашу жоспарлануда.
 
Сондай-ақ сала үшін кадр даярлау жүйесін реформалау жалғасады, жаңа авиациялық оқу орталығын құру мәселесі пысықталады және азаматтық авиацияда цифрлық шешімдер, паспорттық бақылауды автоматтандыру жүйелері, e-Freight жүйесі және басқа да технологиялар енгізіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...