Бүгін – Тәуелсіздік күні

ашық дереккөзі

ЖАҢАЛЫҚТАР
911

Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет атанғанына бүгін 34 жыл толып отыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бір кезде дүние жүзінің ауқымды бөлігін алып жатқан Кеңес одағының ыдырау кезеңі 1980 жылдардың екінші жартысында басталған еді. Қайта құру кезеңінде одақтас республикалар орталықтан дербес мемлекеттік және экономикалық тәуелсіздікке ұмтыла бастады. Алдымен Балтық елдері бөлініп шыққаннан кейін, 1991 жылдың 8 желтоқсанында Беларусь, Ресей және Украина елдері одақты біржолата ыдыратқан Беловеж келісіміне қол қойды. Осылайша, Кеңес одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер дербестікке жетіп, әлемдегі мемлекеттердің қатарына тағы 15 мемлекет қосылды.

Одақтан бөлініп шыққан 15 мемлекеттің ішіндегі Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Айта кетерлігі, Қазақстан одақ құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдаған мемлекет.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...