22 жаста болған: Көкшетаудағы ТЖМ академиясында оқытушының денесі табылды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1868

Көкшетаудағы М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясында оқытушының денесі табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Nayza Kokshe мәліметінше, марқұм 22 жаста болған, ал ТЖМ академиясында 2024 жылдың жазынан бері жұмыс істеген.

Әріптестерінің айтуынша, жігіттің денесін магистратура курсанттары оқу орнының бір кабинетінен тапқан.

Басылымның жазуынша, алдын ала мәліметке сәйкес, академия түлегі өз-өзіне қол жұмсаған.

Полиция бұл оқиғаға қатысты "өз-өзін өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 жастағы әйелдің денесі үйінің артындағы бақшадағы шағын үйшіктен табылды. Есіктің үстіндегі жалғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында өзіне қол жұмсады деп болжанып отырған келіншек жер қойнына тапсырылды, деп хабарла...