Сан-Диего қаласындағы мешітте болған атыс салдарынан бес адам қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
84

Сан-Диего қаласындағы мешітте болған атыс салдарынан үш ер адам қаза тапты, сондай-ақ екі күдікті өлі күйінде табылды. Ислам орталығындағы атыс дүйсенбі, 18 мамыр күні болған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға туралы хабар полицияға жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы 11:40-та (Астана уақытымен 23:40) түскен. Құқық қорғау органдары оқиға орнына жедел жетіп, көп ұзамай жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Қала полициясының басшысы Скотт Уол шабуыл салдарынан үш ер адамның, соның ішінде орталық күзетшісінің қаза тапқанын айтты. Күдікті делінген екі адам өлі күйінде табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар өз-өзіне қол жұмсаған.

Түрлі деңгейдегі жарақат алған бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.

Болжам бойынша шабуыл жасағандар — екі жас жігіт. Олардың жеке басы мен қылмысқа бару себептері анықталып жатыр. Полиция бұл оқиғаны діни нысанға жасалған шабуыл болғандықтан, өшпенділік негізіндегі қылмыс ретінде қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Атыс Сан-Диего қаласының орталығынан шамамен 14 шақырым солтүстікте орналасқан кешен аумағында болған. Бұл жерде мешітпен қатар мектеп те орналасқан. Шабуыл кезінде онда балалар болған. Олардың барлығы эвакуацияланып, зардап шекпеген. Мектепте араб тілі, исламтану және Құран оқу курстары жүргізілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімі көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Алдын ала мәліме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Талдықорған қаласында жанжал кезінде 20 жастағы студент қаза тапты. Полиция күдіктіні ұстады, сот он...