Қазақстанда Конституция күні жаңа датаға ауысуы мүмкін

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
436

Қазақстанда Конституция күні 1 шілдеге белгіленуі ықтимал. Бұл туралы республикалық референдумға шығарылуы жоспарланып отырған жаңа Негізгі заң жобасында айтылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құжатқа сәйкес, егер жаңа Конституция референдумда қабылданса, ол 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

"Референдумда мақұлданған жағдайда жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып жарияланады", – делінген мәтінде. 

11 ақпанда Конституциялық комиссия мүшелері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Конституция жобасы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысын ұсынды.

Кейін Мемлекет басшысы Конституциялық реформа бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлық мәтініне сәйкес, Қазақстандағы Конституциялық реформаға арналған референдум 15 наурыз күні өтеді. Бұл – жексенбі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресми мәліметке сәйкес, психикасы мен мінез-құлқында ауытқуы бар 108 мыңнан астам адам есепте тұр, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

БАҚ мәліметінше, күдікті бұған дейін кісі өлтіру және ауыр дене жарақатын келтіру бойынша сотталған,...