28–30 мамыр күндері Қазақстанда ауа райы нашарлайды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
113

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған қысқаша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Мамыр айының соңғы күндерінде республика аумағында ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде.

Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. Үш күн бойы батыс пен солтүстік-батыста, 28 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта, 28–29 мамыр күндері солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Жауын-шашын екпінді желмен қатар жүреді. Жалпы республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз республиканың батысында ауа температурасы 15–25 градус жылыға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта алғашқы күндері ауа температурасы 17–25 градусқа дейін төмендеп, кейін 20–33 градусқа дейін көтеріледі. Шығыста термометр бағандары 15–25 пен 20–30 градус аралығында құбылады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста синоптиктер кезең басында ауа температурасының 20–28 градусқа дейін төмендеуін, ал соңында 27–38 градусқа дейін көтерілуін болжап отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мумбайда қарбыз жегеннен кейін бір отбасының төрт мүшесі қаза тапқан қайғылы оқиғаға байланысты терг...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында жол апаты салдарынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали қаза тапт...