Алматы әуежайындағы қытайша жазылған рейстер кестесі қызу талқыланып жатыр

Фото: Madina Ashilova/Facebook

ЖАҢАЛЫҚТАР
1926

Алматыда жергілікті әуежайда ішкі рейстерге арналған ақпараттық тақтадағы қытай тілінде жазылған хабарлама төңірегінде қызу пікірталас туды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл шешімге түсінбеушілік танытып, түрлі пікір білдірді.

Кейбір жолаушылар отандық борттарға қытай тілін қосу орынсыз деп санады, өйткені бұл хабарламаны жете түсінуде қиындық тудырады әрі ішкі тасымалдың логикасына сәйкес келмейді.

Желі қолданушылары қытай тілі дәстүрлі түрде шетелдік туристерге арналған ақпарат үшін қолданылуы тиіс екенін, ал оның ішкі рейстерде кедергі келтіретінін атап өтеді.

“Ішкі рейс тақталары қытай тілінде ме? Рас па? Мен Қытайда жүрмін бе деп ойлап үлгердім... таблоға жақындасам, онда бәрі қытайша екен. Қас-қағым сәт дел-сал күйде қалдым. Бірақ кейін өз-өзіме келдім. Уфф, жоқ, мен әлі Алматыда екенмін», – дейді журналист Мадина Ашилова. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...